Степногорск қаласының білім бөлімінің жанындағы "Арай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы есеп.

2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп.

"Ақмола облысы Білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Заводской кентінің "Арай" балабақшасы " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер "Білім туралы"2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы және 5-бабының 6) тармақшасы негізінде жүзеге асырылады.

Қызмет көрсетушісі "Арай" балабақшасы " МКҚК болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес "Арай" балабақшасы білім беру саласында 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

- "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"

- "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау".

Мемлекеттік қызметтер мектеп жасына дейінгі балалардың заңды өкілдеріне көрсетіледі.

2021 жылы "Арай" балабақшасы " МКҚК-да 49 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау бойынша Мемлекеттік қызметтер – 48. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметші-1.

2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бойынша бұзушылықтар жоқ. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

 

Жаңартылған күні: 28.02.2022 16:46
Құрылған күні: 28.02.2022 16:46

Текст