Степногорск қаласының білім бөлімінің жанындағы "Арай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кері байланыс – өзгерістер тынысы (МДҰ даму жоспары)

Кері байланыс – өзгерістер тынысы

(МДҰ даму жоспары)

Бүгінгі таңда бағдарламада кәдімгі білім беру салалары – денсаулық, қарым-қатынас, таным, шығармашылық, қоғам жоқ. Мұның бәрі интеграциялық қызметке енгізілген.

Балабақшаның барлық салалары арасындағы тепе-теңдікті сақтау үшін біріктірілген оқу іс-әрекеттері енгізіледі және бірдей ұсынылады.

Оқу іс-әрекетінде дамыту міндеттерін шешу келесі әрекеттерде жүзеге асырылады: қимыл-қозғалыс, ойын, коммуникативті, танымдық-зерттеу, музыкалық, көрнекілік. Сабақтар жүйесі арқылы оқыту «оқиға» принципі бойынша балалармен жұмыс істеу үшін қайта құрылады- көркем шығармаларда сипатталған оқиғалар;

- балалар өмірінде болып жатқан нақты оқиғалар;

-табиғаттағы маусымдық құбылыстар;

-мерекелер, салт-дәстүрлер.

Балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесінде тәрбие міндеттерін шешу өзара байланысты екі бөлікке негізделген:

- ересектер мен балалардың бірлескен іс-әрекеті;

- балалардың дербес әрекеті.

Барлық іс-әрекеттер мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті ретінде ойынның рөлін арттыруды және оған оқу-тәрбие процесінде басым орын беруді қамтамасыз етеді.


 
Жаңартылған күні: 18.10.2022 12:08
Құрылған күні: 19.10.2022 20:47

Текст