Степногорск қаласының білім бөлімінің жанындағы "Арай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тәуелсіздік маған не берді" эссе

                                               Эссе

                   Жарқынова Гүлжиян Ілиясқызы

Тәуелсіздіктің 30 жылдық шежіресіне жеткен жетістіктерім аз емес. Бірақ, әрине, ең маңыздыларының бірі – елорданың жас аруы – Астананың далада құрылуы. Бүгінде бұл қала – өркениеттер, діндер мен мәдениеттер тоғысқан достық көпірі, бүкіл халқымыздың жан дүниесінің бір бөлшегі тұратын мекен – Нұр-Сұлтан деп аталады.

 1991 жылы біздің Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болды. Қонақжайлылық – қазақтың ұлттық қасиеті. Кезінде оны көптеген халықтар, әсіресе соғыс жылдарында бағалаған. Қазақстан барлығына жылы лебізін білдірді. «Шаңырақтарың биік болсын» дейді қазақ келгендерге. Бүгінде атажұртымызда, ортақ және биік шаңырағымызда барлық ұлт өкілдерінің теңдігі бекітілді.

Жаңа заманның алғашқы онжылдығында еліміздің халықтары өз тілі мен мәдениетін, тарихы мен дәстүрін қалпына келтірді. Дастарханымызға – бешбармақ пен борщ, құймақ пен бауырсақ қойылады.Мереке күнтізбесіне Айт пен Пасха, Наурыз және Масленица кіреді. Мемлекеттік тілге үлкен көңіл бөлінуде. Бірақ орыс әдебиетіне деген қызығушылық та жойылған жоқ.

Менің ұстаздық тәжірибем Қазақстанның Тәуелсіздігімен құрдас. Осы аралықта 10 рет балаларды мектепке шығарып салдым. Оның ішінде 10 жыл мемлекеттік тілде  топта жұмыс жасадым.

Балабақшада жұмыс істей отырып, көрмеде тақырыптық сабақтар өткіземін, байқауларға қатысып, марапаттаулар алып жүрмін. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 75 жылдығы арналған «Болашақ жастардың қолында» Диплом I-орын, Алғыс хаттар алдым.

«Ханталапай» сайысына қатысып, балаларға асық ойнауды үйреттім.

Балалармен бірге қалалық мемлекеттік тілдегі мәнерлеп оқу байқауына қатысып, 1-орынға ие болып, дипломмен марапатталдым.

 Балалармен және ата-аналармен ұлттық тағам «Бауырсақ» атты шеберлік сабағын өткіздім, балалар мен ата-аналарға қамырды қалай дұрыс дайындау керектігін көрсеттім.

Оқу- ұйымдастыру сәттерінде, ойындарда, бос уақытымда балаларды тұрмыс салт-дәстүрлерімен, адамдардың қонақжайлылығымен таныстырамын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеймін. Балалар Қазақстанның рәміздерін біледі, әнұранын айтады.

Менің ұстаз ретіндегі міндетім – балаларды өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу және үйрету, өйткені «Балалар – біздің болашағымыз».

Мен Қазақстанда туып-өстім, Отанымды, халқымды мақтан етемін.

 

Жаңартылған күні: 26.11.2021 15:34
Құрылған күні: 26.11.2021 15:34

Текст